Қазақтың дәстүрлі қолөнерін әлемге паш еткен халықаралық «Аламан құрақ» жобасы бүгінде көпшіліктің назарында. Қуанышты жаңалық: бұл ауқымды бастамаға Қобда ауданынан 6 талғампаз шебер атсалысып, өз өнерлерін көрсетуде!
Бұл игі істің басында Қобда аудандық Оқушылар үйінің талантты ұстаздары мен өнерпаздары - А. Мусина, А. Калкашева және А. Умарова тұр. Олар өздерінің нәзік қолдарымен жасаған құрақтары арқылы тек қана өнер көрсетіп қоймай, Қазақстанның тарихында рекордқа енетін ауқымды жобаның маңызды бөлшегіне айналуда.