Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
+8 (711 2) 51 39 20
+8 (711 2) 50 95 72
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қобда аудандық оқушылар үйі" МКҚК

«Болашақ KAMP» жазғы демалыс алаңының ашылуы

2026 жылдың 2 маусым күні Қобда аудандық Оқушылар үйінде «Болашақ KAMP» жазғы демалыс алаңының ашылу салтанаты жоспарлы түрде ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараға 20 бала қатысты.

Ашылу салтанаты мерекелік концерттік бағдарламамен басталып, балалар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар түрлі қызықты ойындар мен эстафеталар ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты.

Балалар бірлесіп флешмоб биін орындап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Асфальтқа сурет салу байқауында қатысушылар өз қиялдарын түрлі-түсті бормен бейнелеп, табиғат, жаз мезгілі және бақытты балалық шақ тақырыптарында әсем суреттер салды.

Іс-шараның соңында балалар жақсы әсер алып, жазғы демалыс маусымын көңілді бастады. Шара өз мақсатына жетіп, жоғары деңгейде өткізілді.