Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
+8 (711 2) 51 39 20
+8 (711 2) 50 95 72
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қобда аудандық оқушылар үйі" МКҚК

Белсенді орталығының ұйымдастыруымен өткен «Әнмен өрілген ұстаздың ғұмыры» атты шығармашылық кеш - өнер мен ұстаздықты қатар алып жүрген, өнегелі өмір иесі Утенова Латипа Каримовнаның тағылымға толы жолын дәріптеген тағылымды шара болды. Бұл кеш Қазақ әйелдерінің дәстүрге жол қоғамдық бірлестігі мүшесінің еңбегін ел алдында ұлықтауға арналды.

Кеш барысында Латипа Каримовнаның сан жылдық ұстаздық қызметі, шәкірт тәрбиелеудегі жетістіктері, сондай - ақ ән өнеріне қосқан үлесі кеңінен насихатталды. Оның орындауындағы халық әндері мен тәрбиелік мәні зор шығармалары көрерменнің жүрегінен орын алды. Ұстаздың өмір жолы - тек білім берумен шектелмей, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпақты өнерге баулу сынды игі істермен өрілгені атап өтілді.

Шараға әріптестері, шәкірттері мен өнер жанашырлары қатысып, естеліктерімен бөлісті. Олар Латипа Каримовнаның адамгершілігі жоғары, өз ісіне адал, шәкірттеріне әрдайым қолдау білдіретін жан екенін ерекше атап өтті. Кеш барысында ұстазға деген құрмет көрсетіліп, алғыс хаттар мен сый - сияпаттар табысталды.

«Әнмен өрілген ұстаздың ғұмыры» атты бұл кеш - тек бір адамның шығармашылық есебі ғана емес, тұтас бір дәуірдің, ұлттық тәрбие мен өнердің сабақтастығын көрсеткен рухани мәні зор іс - шара болды. Осындай кездесулер арқылы жастарға үлгі болатын тұлғалардың өмір жолы насихатталып, ұлттық мәдениетіміздің құндылығы арта түсетіні сөзсіз.

#РУМЦДОМОНРК #abisheva1467 #rumsdo.kz @aqtobe_bilim_basqarmasy 

@k.bulbul78 

@qobda_bilim_bolimi 

@nurbolat.darzhan

@aqtobe_adistemelik_ortalyk

@adal_azamat_aqtobe

#адал_азамат

#адал_азамат_ақтөбеоблысы

адал_азамат_біртұтас_тәрбие

unesko

ЮНЕСКО

UNESCO