Қобда аудандық Оқушылар үйінде Отбасы күніне орай «Отбасы – бақыт мекені» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Бағдарлама аясында аналар арасында қолөнер сайысы өткізіліп, шеберлік сабағы көрсетілді.
Іс-шара барысында аналар мен балалар бірігіп, шығармашылық жұмыстар жасады. Бұл бастама тек қолөнер шеберлігін арттырып қана қоймай, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге және ата-ана мен бала арасындағы рухани байланысты нығайтуға бағытталды. Қатысушылардың өнері мен ерекше туындылары көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.