Қобда аудандық Оқушылар үйі ұжымы 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған аудандық мерекелік іс-шараға белсене қатысып, өз өнерлері мен шығармашылықтарын көпшілікке паш етті.
Іс-шара барысында Оқушылар үйінің қызметкерлері орыс ұлтының ұлттық киімдерін киіп, қазақ жеріндегі ұлттар достығы мен татулығын насихаттауға өз үлестерін қосты. Олар мерекелік көңіл күй сыйлап, аудан тұрғындарына бірлік пен ынтымақтың маңызын көрсете білді.
Берекелі бірлікті дәріптеген тағылымы мол шарада ұжым ұйымшылдық пен шығармашылықтың жарқын үлгісін танытып, мерекенің сәнін арттырды.
Осындай мерекелік шараларға белсене қатысып, қоғамдық өмірге атсалысып жүрген Оқушылар үйі ұжымына алғыс білдіреміз.