Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
+8 (711 2) 51 39 20
+8 (711 2) 50 95 72
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қобда аудандық оқушылар үйі" МКҚК

Бүгін Қобда аудандық Оқушылар үйінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес бастауыш сынып оқушыларымен «Құстар – біздің досымыз» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
 
Сабақ барысында оқушылар құстардың табиғаттағы маңызы, олардың адам өміріндегі пайдасы және құстарға қамқорлық жасау жолдары туралы мол мағлұмат алды. Сонымен қатар қызықты сұрақ-жауаптар, жұмбақтар, ойындар ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты.
Сабақ соңында оқушылар өз қолдарымен жасаған құстарға арналған әсем ұяшықтарын далаға алып шығып, ағаш бұтақтарына іліп, құстарға деген қамқорлықтары мен сүйіспеншіліктерін көрсетті.
 
Балалар құстарды қорғау – табиғатты қорғау екенін түсініп, құстар табиғаттың бір бөлшегі екенін дәлелдеді.Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар арқылы оқушылардың табиғатқа жанашырлық сезімі қалыптасады.
 
Табиғатты аялайық, құстарды қорғайық!