Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясының қолдауымен және Қобда аудандық Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен «Мәдени мұра» өңірлік жобасы аясында бірқатар маңызды іс-шаралар жүзеге асырылды.
Жобаның салтанатты жабылу рәсімі Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтті. Нәтижелі жұмыс пен өскелең ұрпаққа мәдени құндылықтарды насихаттауға қосқан үлесі үшін Қобда аудандық Оқушылар үйінің педагогтері Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясы Вице-президенті С. Аязбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.