23 қазан күні ЮНЕСКО халықаралық клубтарының федерациясы Ә.Молдағұлованың 100 жылдығына орай өткізілген іс-шараларды қорытындылау кешін батыр қыздың туған жері Әлия ауылында өткізді. Бұл іс шараға Ақтөбе облысының барлық аудандары, ЮНЕСКО- ның өңірлік өкілдігінің мүшелері қатысты. Қонақтарды қазақ халқының ұлттық тағамдарымен қарсы алып, "Әлия" Патриоттық орталығында экскурсия жасалды.