Оқушылар үйінің жылдық жоспарына сәйкес, 2025 - 2026 оқу жылындағы "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, отбасы күніне орай "Отбасы құндылығы - ұрпақ амандығы" атты кездесу кеші өтті. Кездесуге көпбалалы, қоғамға, айналасына берері, айтары бар отбасылар шақырылды. Кеш "Нәр ағашы" күйімен ашылды. Кездесу барысында отбасы құндылықтары, бала тәрбиесі төңірегінде сөз қозғалды, сонымен қатар, шақырылған отбасының балалары өз өнерлерін көрсетті, әр түрлі сұрақтарға жауап берді. Умаровтар, Шудабаевтер, Жамбасаровтар және Байменовтер отбасыларына алғыс хаттар, сыйлықтар табысталды.