Бүгін мәдениет үйінде «Бар бақытым - отбасым!» атты тағылымды іс - шара өтті. Шараның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата - ана мен бала арасындағы сыйластықты, бірлікті нығайту, сондай - ақ жас ұрпақтың бойына ізгілік пен мейірімділік қасиеттерін дарыту болды.
Іс - шара аясында Оқушылар үйінің үйірме жетекшілері мен тәрбиеленушілері дайындаған «Отбасылық суреттер» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге оқушылардың өз қолдарымен салған шығармашылық жұмыстары қойылып, әрбір суретте отбасыға деген сүйіспеншілік пен жылулық бейнеленді.
Бұл көрме қатысушыларға ерекше әсер қалдырып, көпшілік қауымға отбасының қадір - қасиетін тағы бір мәрте ұғындырды.
Сонымен қатар аудандық іс - шараға қатысқан аудан әкімі Тынымгереев Ізгілік Досмұратұлы аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, отбасының қоғамдағы орны мен маңыздылығына тоқталды. Сондай - ақ көп жылдар бойы тату - тәтті ғұмыр кешіп келе жатқан үлгілі отбасыларды марапаттап, оларға естелік сыйлықтар табыс етті.