Кеше аудан орталығында «Дарындылар шеруі» атты салтанатты шара өтті.
Шара барысында жыл бойы үздік нәтижелер көрсеткен дарынды оқушылар мен олардың жетекшілері марапатталды. Үздіктерге Алғыс хаттар мен ақшалай сыйлық сертификаттары табысталды.
Бұл мерейлі кеште Оқушылар үйінің тәрбиеленушілері — Саинова Жасмин, Айбекова Амина, Лакова Сезім, Байжанова Аяжан аудан абыройын асқақтатып, лайықты марапат иегері атанды.
Сондай-ақ шәкірттерді биік белестерге жетелеп жүрген жетекшілер — Абилкалиева Айгуль Болатовна мен Нугуманова Махаббат Аманжоловна да еңбектері үшін марапатталды.
«Дарындылар шеруі» — бір жыл бойы атқарылған тынымсыз еңбектің, ізденіс пен табыстың жарқын қорытындысы болды. Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен биік жеңістер тілейміз!