Бүгін Қобда аудандық Оқушылар үйінің үйірме жетекшілері мен тәрбиеленушілері «Мен және менің ұстазым» атты экологиялық челлендж аясында тал көшеттерін отырғызды. Шараның мақсаты – табиғатты аялау, жас ұрпақтың бойына экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған жердің көркеюіне үлес қосу.
Оқушылар мен ұстаздар бірігіп табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсіндіріп, жасыл желек санын арттыруға өз үлестерін қосты.