Қобда аудандық Оқушылар үйінде «Шығармашыл ұрпақ – жарқын болашақ» атты жылдық есеп беру кеші және ЮНЕСКО клубтар федерациясының төсбелгілерін тағу рәсімі жоғары деңгейде өтті.
Шараға аудандық білім бөлімінің басшысы, кәсіподақ комитетінің төрағасы, ата-аналар, педагогтер мен оқушылар қатысты.
Кеш барысында түрлі бағыттағы шебер кластар ұйымдастырылып, балалар өз қабілеттерін танытты.
Ата-аналар көрсетілген жұмыстарға жоғары баға беріп, ризашылықтарын білдірді, ал оқушылар үшін бұл күн қуаныш пен шабытқа толы әсерлі сәт болды.
Іс-шара Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған білім мен шығармашылықты дамыту басымдықтары және білім беру бағдарламалары аясында жүзеге асырылды.
Шығармашыл бала – жарқын болашақтың кепілі!