Қобда аудандық Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай «Тіл - қазақ халқының қазынасы» атты дөңгелек стол өткізілді.
Мақсаты: мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру. Патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт - дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу. Бұл іс-шараға Қобда ауданының қазақ тілі қоғамының төрайымы, ардагер ұстаз Ашенова Светлана Зинекеновна, ардагер ұстаз Қалжигитова Гүлжамал Ғазизқызы және аудандық мәдениет үйінің директоры, тіл маманы Құдайбергенова Айнагүл Нағыметиярқызы шақырылды. Іс-шараны оқушылар үйінің директоры А.Мусина ашып, өз сөзінде "Тіл-ұлт болашағы", тілді дамыту үшін әр адам өзінен бастауы керек екенін атап өтті. Тіл - кез келген ұлттың жаны, тарихы мен болашағы. Ана тілімізді ұлықтау әрбір азаматтың қасиетті борышы. Оқушылар М.Мақатаевтің өлеңдерін мәнерлеп оқып, іс-шараның көркін ашты. Осы іс-шараға қатысқан оқушыларымызға, балалар кітапханасының ұжымына алғысымызды білдіреміз!